• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысының үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автомобильдер сыйға тартылды (ФОТО) 26.11.2016

Іс-шара өңір жетістіктері көрмесінен басталды, онда облыстың тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік саладағы дамуы көрсетілді, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Салтанатты жиында өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін құттықтап, үздік қызметкерлерге құрмет грамоталарын, алғыс хаттар, сондай-ақ алты жаңа автомобильдің кілттерін табыстады.

Ол биылғы жылы Ақмола облысы бойынша 5,7 млн тонна астық жиналғанын атап өтті. 


Back to the list