• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Қазақстанның Тәуелсіздігі монументін көтеру ұсынылды 23.11.2016

Сонымен қатар, депутаттың пікірі бойынша, ҚР Президентінің атын «астананың және еліміздің басқа да маңызды нысандарының атауында көрсету» қажет.

«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі есте қалуы тиіс. Астанада Тәуелсіз Қазақстан монументін көтеру қажет. Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетіміздің құрылысына қосқан үлесін ел Конституциясында атап өтуді, Президент есімін «астананың және еліміздің басқа да маңызды нысандарының атауында көрсетуді ұсынамыз. Біздің ортақ мақсатымыз – Мемлекет басшысымен бірге Мәңгілік ел құндылықтарын нығайту, қолымызда барын – егемен және тәуелсіз Қазақстанды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу», - деді мәжіліс депутаты отырыс барысында.

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Алтынбаев Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетіміздің құрылысына қосқан үлесін атап өтуді ұсынды.


Back to the list