• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан 25 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді – АҚШ елшісі 17.11.2016

Мәжілістің ақпараты бойынша, парламентші мен дипломат екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қарым-қатынастарға оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар жайынан сөз қозғады.

Әңгіме барысында тараптар АҚШ президенттік сайлау өткенін айтып, екі жақты байланыстар мен ұзақ жылдарғы басымдықтардың мызғымастығын атап өтті. Олар бүгінге дейінгі жеткен деңгейдің сақталып қана қоймай, ынтымақтастықтың белсене түсетініне сенім білдірді.

Келер жылдан Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып қабылдануына айрықша тоқталып, Орталық Азиядағы өзара байланыстар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне аса назар аударды.

Елші Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында жеткен жетістіктерін саралай келе, ядролық қару таратпау жолындағы үлесті атап өтті. Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңызына тоқталып, АҚШ елінің де көрмеге қатысатынын хабарлады.

Тараптар екі ел серіктестігінің ортақ мүддедегі маңызын айтып, парламентаралық байланыстар мен халықаралық ынтымақтастықтың күн тәртібінен түспейтінін мәлімдеді.


Back to the list