• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Варшава университетінің студенттеріне Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктері туралы айтылды (ФОТО) 09.11.2016

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, дәріске қазақстандық, польшалық, сондай-ақ Варшава университетінде оқитын ТМД елдерінің студенттері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында елші Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері туралы айтып берді. Дәріске қатысушылар елдегі инвестициялық климат, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы ақпараттандырылды. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы «жасыл энергетиканы» дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Астанада 2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы хабарлады.

А. Абиболлаев Қазақстанның халықаралық бастамаларына және оның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік етуінің негізгі басымдықтарына ерекше көңіл бөлді, дәріске қатысушыларды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен таныстырды.

Доктор Б. Залеский Қазақстанның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан рөлін, біздің еліміздің Орталық азия өңіріндегі көшбасшылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның бейбітшілікті сақтау және ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.

Оқу барысын талқылау мақсатында Қазақстан елшісі Польшаның мемлекеттік және жекеменшік жоғарғы оқу орындарында білім алатын 50-ден астам қазақстандық студент – «Барс» студенттік клубының мүшелерімен кездесті.

СІМ деректері бойынша, польшалық ЖОО-да қазіргі уақытта 800-ден астам қазақстандық студент, магистрлер мен докторанттар оқиды. 2016 жылғы маусымнан бастап Білім беру саласындағы ынтымақтстық туралы үкіметаралық келісім күшіне енді. 


Back to the list