08.11.2016
«Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев зияткерлік мектебі», «қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды», - деді ол.
Сонымен бірге, әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқынды дамудың жарқын үлгісі болды. Аймақтағы балабақшалардың 65 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылып, «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды.
2014 жылы үш ауысымдағы білім беру жүйесі жойылып, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай шешілді.