• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай  37 әлеуметтік нысан ашылады 07.11.2016

«Мемлекет басшысы  бекіткен Тәуелсіздіктің  25 жылдығын  мерекелу тұжырымдамасына сәйкес,  шаралар  Егемендік, Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық пен гүлдену  құндылықтарына  бағытталады. Биылғы  жылдың  әрбір айы «Мәңгілік ел»  жетістігімен өтеді», - деді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған шара  21 қарашадан  15 желтоқсан аралығында өтеді.  Бұл 25 күн ішінде  республиканың 25 жетістігі аталады.

«Бұл уақыт аралығында Ақтөбеде  160 ірі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік-маңызды шаралар  ұйымдастырылып,  37 өндірістік  және әлеуметтік нысанды ашу жоспарланған», - деді қала әкімі.

Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі таңда облыстық орталықты мерекеге әрлеу жұмыстары жүруде.

2016 жыл бойы Ақтөбе облысында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  5 мың мәдени шара өткізу жоспарланған.

 


Back to the list