07.11.2016
ШҚО-да агроөндірістік саланың басты бағыттары астық өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
«Бүгін 28 тауарлы сүт фермасын қайта жаңғырту мен 9 жаңа ферманы салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл саумалы сияр санын 12 мыңға, сүт өндірісінің жылдық көрсеткішін 21 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Облыста 36 қазіргі заманғы сүт қабылдау пункті жұмыс істейді, бірінші жартыжылда 8700 тонна сүт сатып алынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өңір республика бойынша ірі бал шығарушы болып табылады. 90-шы жылдармен салыстырғанда бал өндіру төрт есеге өсті, бұл жылына 2 мың тонна бал.
ШҚО белсенді түрде сыртқы нарыққа шығып жүр. Экспорттық бағытта ұсақ мал басы көбейіп, оларды Иран,Қытай, Ресейге шығару жүзеге асырылып жатыр.