• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстанға келді 04.11.2016

Бүгін темір жол вокзалының перронында  «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды.  Пойыз құрамында  7 министрлік пен үш ұлттық компанияның өкілдері бар, деп хабарлады ақпараттық орталық.

Ауыл тұрғындары білім беру, медицина, әлеуметтік, қамту, заң саласы бойынша білікті мамандардан консультация ала алады. Медицина қызметкерлері  пациенттерді қабылдап,  қажетті кеңестерін айтады.

Айта кетейік, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы  43 күн ішінде 35 елді мекенге барып, жұмысын Алматыда  14 желтоқсанда аяқтайды. Пойыз барлық әлеуметтік топтарды қамтиды,  халықтың аз қамтылған бөлігі мен ҰОС ардагерлеріне, шалғай ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінеді.

Пойыз  құрамында ҚР Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері,  мәдениет және спорт өкілдері, медицина қызметкерлері,  әлеуметтік сала қызметкерлері бар.  Медқызметкерлер  пациенттерді қабылдап,  консультациялық қызмет көрсетеді.

«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы  - Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралардың бірі.


Back to the list