04.11.2016
Үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы Республикалық Азаматтық Форум қарсаңында өткізілуде және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын, мемлекеттік орган өкілдерін біріктіреді. Форумға қатысуға алғаш рет қалалық және аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары шақырылды, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
«Форумда біз үкіметтік емес ұйымдардың қандай жұмыс атқарғанын талдаймыз, тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктер туралы айтамыз. Себебі қалыптасқан демократиялық мемлекет факторларының бірі – бұл елдің осы бағыттағы дамуын көрсететін құрылымдардың болуы», - деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты, ШҚО Азаматтық Альянс төрағасы Олег Чернышов.
Күннің бірінші жартысында форумға қатысушылар семинарлар мен тренингтерде Қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік ұйымдармен және БАҚ-пен өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде экологиялық ҮЕҰ қызметіндегі тиімділікті арттыру мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ, дерекқор қалыптастыру бойынша ҮЕҰ есептілігінің жаңа нысаны таныстырылады.
Күннің екінші жартысында пленарлық отырыс өтеді, онда үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, Қоғамдық кеңестердің басшылары Шығыс Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі жетістіктері туралы айтып береді.
Отырыс қорытындылары бойынша азаматтық қоғамды дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.