31.10.2016
Ол акцияның мақсаты Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерді көрсету, халық бірлігін нығайту, қоғамды ел дамуының негізгі басымдықтары төңірегінде шоғырландыру болып табылатынын атап өтті.
«Акция шеңберінде әр түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және басқа салалардағы мәселелер бойынша консультация жүргізу жоспарланып отыр», - деді Н. Шаяхметов.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 1 қарашада Астанадан шығып, 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқталады.
Акция барысында пойыз 35 елді мекенде тоқтайды және жергілікті халыққа, соның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС қатысушыларына және шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына қызмет көрсетеді.