• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ресейдегі қазақ жастары Қазақстан тарихы саласындағы өз білімін тексерді (ФОТО) 24.10.2016

Интеллектуалдық сайысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау аясында ресейлік өңірлердегі қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің қолдауымен ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі мен консулдық мекемелері ұйымдастырды. Сондай-ақ, олимпиадаға қазақ тілін үйреніп жүрген ресейлік студенттер де қатысты.

Елшілікте атап өткендей, олимпиаданың басты мақсаты Ресейдегі қазақ жастарының қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Байқау екі кезеңмен өткізілді. Бірінші іріктеу кезеңінде ҚР-ның РФ-дағы әрбір консулдық округінде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы, Казань) қазылар алқасы финалға қатысатын үздік қатысушыларды анықтады.

Олимпиада финалы Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық Университетінің (ММЛУ) алаңында өтті. Байқауға қатысушыларға жазбаша және ауызша тестілер берілді.

128 балдың ішінен 100 балл жинаған, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Куанова жеңімпаз атанды.

Іс-шара «Шабыт» қазақстандық студенттердің этно-музыкалық тобының шағын концертімен аяқталды. 


Back to the list