• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның әсерлі ілгерілеуі – Канада елшісі (ВИДЕО) 21.10.2016

«Біздің елдеріміздің дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл толып отыр. Қазақстанның жылдам дамуы соншалықты, кейде біз оның жасы туралы да ұмытамыз. Мен Канаданың Қазақстан дамуына қатысқанын мақтан етемін. Біз мемлекеттік реформаға, экономикалық секторға, ауыл шаруашылығына, әлеуметтік дамуға өте белсенді қатысамыз. Қазақстанның осы бастауларын қолдаймыз. Қазақстанда дамып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе «Қазақстан 2050» стратегиясы үлкен қызығушылық туғызады, себебі бұл елді жоспарлау мен дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы», - деді Ш. Стайл.

Дипломаттың пікірі бойынша, «Қазақстан 2050» және Ұлт жоспары бағдарламаларында жазылған елдің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі мақсаттар Қазақстан Үкіметіне ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың өздеріне де үлкен жауапкершілік артады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы және Ұлт жоспары – түпкі мақсатқа қалай жету керектігінің толық көрінісі. «100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізіне канадалық даму моделі алынған», - деп атап өтті Ш. Стайл.

Сондай-ақ, елші тау-кен саласындағы ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынастарды да ерекше атап өтті. Себебі әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі - Cameco канадалық тау-кен компаниясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясымен 25 жылдан астам уақыт әріптестік жасап келеді.

Сонымен бірге, дипломаттың айтуы бойынша, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен де қарым-қатынастар белсенді дамып келеді.

Қорытындылай келе, Ш. Стайл елдер арасындағы мұндай ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанға және оның халқына Мемлекет басшысы Н. Назарбаев қойған мақсаттарға қол жеткізуге тілек білдірді.

Ботагөз Айтжанова

Видео Азамат Әлиев


Back to the list