20.10.2016
«Ширек ғасыр бұрын Қазақстанда бұрынғы одақта сияқты барлығы мемлекетке тиесілі болды, бүгінде елде гүлденіп жатқан кәсіпорындар, кәсіпкерлер бар, шағын және орта бизнес дамып жатыр. Қазақстандық ұлттық компаниялар, ірі бизнес пен банктерді барлық әлем таниды. Елде индустриялды – инновациялық бағдарлама дамып жатыр, жылына екі рет Елбасы индустрияландыру күнін өткізеді. Бұл барлық бағыттар бойынша экономикалық дамудың нәтижесін көру», - деді Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.
Сондай-ақ, ол өзге елдермен орнатылған достастық қарым-қатынасты атап өтті.
«Қазақстан достастық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті ірі державалар мен жетекші елдермен орнатты. Қазақстандық жерде бірқатар тарихи самиттер өтті», - деді Б.Майлыбаев.
Б.Майлыбаевтың айтуынша, Қазақстан Президентінің салиқалы саясаты ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық ұлан және полицияның басқару жүйесін жақсы қалыптастырды.
Ботагөз Айтжанова