19.10.2016
Конференцияға «Австрия – Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелері, Австрияның СІМ қызметкерлері, Қазақстан азаматтарының халықаралық ұйымының атқарушы құрылымының қызметкерлері, Австриядағы ҚР-ның құрметті консулы, Австрия-Қазақстан қоғамының мүшелері, қазақ диаспорасы мен студентшілік өкілдері , БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады СІМ.
Шарада Австрия-Қазақстан қоғамының президенті, Австрияның Экономикалық палатасының вице-президенті Р. Шенц, АКҰ атқарушы президенті Г. Лански, Қазақстанның Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай сөз сөйледі.
Сөз сөйлеушілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономика, саясат, білім беру, мәдениет саласындағы жетістіктерін айтып өтті.
«Алдыңғы қатардағы технологияларды игере отырып, австриялық фирмалар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалар мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуға жақсы мүмкіндікке ие», - делінген хабарламада.