14.10.2016
«Осы жылы біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде біз ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысының бастамаларының арқасында Қазақстан әлемдік аренада танымал бола бастады. Қазақстанның жаһандық бастамаларының бірі Семей полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту болды. Осылайша, біз еліміздің саясаты басқа елдермен тек қана бейбіт өзара қарым-қатынас негізінде құрылатынын дәлелдей отырып, жаһандық қауіпсіздікке бірегей үлес қостық. Бүгінгі күнге дейін біз осы бағытты ұстанып келеміз. БҰҰ Бас ассамблеясы мақұлдаған Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі ел саясатын нығайтты, себебі әлемдегі ең басты нәрсе – ол бейбітшілік», - деді З. Қабылдинов.
Сонымен бірге, тарихшы ЭКСПО халықаралық көрмесінің рөлін де атап өтті.
«Еліміздің тағы бір ашық бастамасы ЭСКПО көрмесі. Мәлімделген «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бүгінгі күні барлық елдер үшін ерекше өзекті. Пайдалы қазбалар қоры жыл сайын таусылып келеді, егер біз «жасыл» экономика құралдарын қазірден бастап әзірлеп, енгізе бастамасақ, бірнеше ондаған жылдан кейін соның нәтижесін біздің балаларымыз бен немерелеріміз көреді», - деп санайды профессор.
«Қазақстанның ел азаматтарының дініне және ұлтына қарамастан, барлығының тең құқықтығы бойынша моделі көптеген елдерде қызығушылық туғызады. Жалпы, Қазақстан ширек ғасыр ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді», - деп қорытты З. Қабылдинов.
Ботагөз Айтжанова