14.10.2016
Бюджетті жоспарлау мен орындау механизмдерін тұрақты жетілдіру нәтижесінде облысымызда Егемендік алған жылдардан бері, 1491 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 14%-дан 83,3%-ға жетті.
Сондай-ақ, осы жылдарда облысымызда 444 жаңа мектептер салынып, 117 аппатты мектептердің мәселесі шешілді. Денсаулық сақтау саласында 347 жаңа нысандар пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, облысымызда 8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен қамту 51,9%-дан 71,3%-ға және газбен қамту – 33,1%-дан 57,2%-ға жетті.
Ерекше көңіл бөліп айтатын мәселе, өңіріміздің экономикасына бюджет есебінен көрсетілген қолдау нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 11,4%-дан 5,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің, денсаулық сақтау және жалпы алғанда барлық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көбейді.