10.10.2016
«Осы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Осы уақыт ішінде біздің басты міндеттеріміздің бірі өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеу болды. Әкімдік одан әрі де пайдалы демалыс уақытын ұйымдастыру және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жастар Ақтөбе облысы тұрғындарының 30%-ға жуығын құрайды. Өңірдің билік орындары олардың дамуы мен жеке тұлғалық өсуіне ықпал ететін демалыс уақытын ұйымдастыру бойынша тиімді шаралар қабылдауда. Осылайша, мәдени-демалыс және спорттық мекемелердің санын ұлғайту, сондай-ақ бар объектілерді тиімді қолдану бойынша жұмыс жүргізілуде. Аула клубтарын, workout-алаңдарын ашу, өсіп келе жатқан ұрпақты мектептен тыс біліммен қамтуды ұлғайту қызметі жандандырылған.
МЖӘ негізінде салынатын спорттық объектілердің арасында хоккей клубы бар. Хоккей модулін алдағы жарты жыл ішінде пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Осы жоба бойынша жеке меншік инвестицияларының жалпы көлемі 420 млн теңгені құрайды.