• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астаналық дәрігерлер Ақмола облысындағы әріптестерімен тәжірибе бөлісті 07.10.2016

Біздің әрқайсымыз үшін денсаулық өмірлік сәттілігіміз бен қалыпты жұмысқа қабілеттілігіміздің кепілі болып табылады. Ұлт саулығы – мемлекеттің аса маңызды басымдықтарының бірі.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өмір сүрудің барлық саласында айтулы жетістіктерге, оның ішінде денсаулық сақтау саласында едәуір іргелі нәтижелерге  қол жеткізді. Мерейтой кезеңінде Сандықтау ауданы әкімі Асылбек Исмағамбетовтың бастамасымен  аудан Астана қаласы онкология және трансплантология республикалық орталығының мамандары делегациясын қабылдады.

Аталған шара барысында лор, уролог, онколог, хирург, тамыр хирургі, гинеколог, невропатолог және УДЗ дәрігерлері аудан дәрігерлерімен өзара тәжірибелерімен бөлісті. Орталық ауруханада астаналық дәрігерлердің қабылдауында ауданның 200-ге жуық тұрғындары болды. Ал дәрігер невропатолог Олег Тян Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барып оларға дәрігерлік кеңестерін айтты..

Сапар қорытындысында Сандықтау ауданы әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, осындай сапарды тұрақты негізде жасау мүмкіндігі қарастырылды.  

 


Back to the list