06.10.2016
СІМ хабарлағандай, шараны Қазақстанның Испаниядағы елшілігі мен «Азия үйі» ұйымы ұйымдастырды. Қазақстандық кино күндерін өткізудің мақсаты – испандық кино сүюшілерді қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетімен таныстыру.
Қазақстан кино күндері аясында 20 қазанға дейін жалғасады, отандық киноматографтардың «Дала дауысы», «Күрке», «Кенже», «Жаңғақ тал», «Анаға апарар жол» фильмдері мен испандық Энрике Гаспардың «Забытые в Караганде» деректі фильмі жүгіртпе жолақ арқылы көрсетіледі.
Сондай-ақ, қазақстандық кино Барселонадағы азия киносының фестиваліне қатысады.