03.10.2016
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық секретариатының меңгерушiсi Наиль Салимов қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi нығайтуға арналған стратегиялық бағдарламалардың негiздерiне тоқталды. ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың үш тоқсаны бойынша 2000-нан астам iс-шара өткiзiлiп, онда барлық ұлт пен ұлыс өкiлдерi жұмылдырылған. Бұл шараларға барлығы 320 мыңнан астам адам қатысты.
«Жергiлiктi атқару органдарының қоғамдық институттармен бiрлескен жұмысын жандандыру үшiн 48 Қоғамдық келiсiм кеңестерi қызмет атқарады. Олардың жұмысына 489 адам қамтылған. Жыл басынан берi жастарды жұмысқа орналастыру, қайта даярлау, қайта оқытуға жiберу, аумақтарды абаттандыру сияқты мәселелер қарастырылған 96 отырыс, 8 дөңгелек үстел, 60 өзге де iс-шаралар өткiзiлдi», — дедi Наиль Салимов.
Аталған ақпараттармен танысқан соң облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров аудан әкiмдерiне Қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң жұмысын жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аппараттық кеңес барысында иесiз мүлiктi коммуналдық меншiкке аудару мәселесi де қарастырылды.