03.10.2017
««Астана-1» ақпараттық жүйесін енгізу кедендік саясатты және рәсімдерді ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттарға және озық практикаға сәйкес оңтайландыруға, электронды декларациялау жүйесін енгізуге, экспорт және импортқа арналған құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқартуға, тәуекелдерді басқару және пост-аудиттің озық әдістемелерін енгізуге бағытталған», - деді Д.Годунов.
Осы жүйе алдын ала ақпаратты берген сәттен бастап тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін барлық кедендік процестерге автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Егер АСТАНА-1 АЖ-мен кедендік операцияларды жүргізуде қолда бар схемаларды салыстырса, онда басты ерекшелік болып: бірыңғай технологиялық платформадағы барлық процестерді интеграциялау, екі вариантта алдын ала ақпараттандыру, электрондық журналда уақытша сақтаудағы тауарлар есебі, алдын ала ақпараттандыру функциясын орындайтын электрондық құжаттарды иетеграциялау, келу құжаты, транзиттік декларация және уақытша сақтау құжаты, тәуекелді басқарудың заманауи механизмі, төлемдер есебін автоматизациялау, тауарларды қағазсыз декларациялау мүмкіндігі табылады», - деді ол.
АСТАНА-1 АЖ рұқсат құжаттар бойынша автоматты тексеруге бапталған, бұл үшін біздер кезеңімен біздің ақпараттық жүйеге рұқсат құжаттарды беретін барлық мемлекеттік органдарды қосамыз.
«АСТАНА-1» АЖ-ның толық көлемде іске асырылуы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ және Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енуімен қатар орындалады.
Видео: Азамат Әлиев