03.10.2017
Госман Амрин айтып өткендей, Ұлт жоспарының 38-қадамын іске асыру аясында электрондық декларациялауды дамыту мақсатында, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана-1 ақпараттық жүйесін әзірлеп, енгізді. Астана-1 АЖ көп функционалды әрі кешенді болып табылатынын ескере отыра, жүйені енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
«2017 жылғы 1 қазаннан бастап республика бойынша кедендік транзит бөлігінде Астана-1 АЖ іске қосылды, енді барлық транзит жаңа ақпараттық жүйеде ресімделеді. Астана-1 АЖ толық көлемде енгізу 2018 жылғы 1 қаңтарда жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйенің ерекшелігі алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап тауарлар шығарылғаннан кейінгі бақылауға дейін кеден процесін автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті Г. Амрин.
Астана-1 АЖ енгізудің оң әсерлеріне ақпараттық жүйелердің қысқаруы, кедендік бақылаудың барлық процестерінің бір ақпараттық жүйеде болуы (бүгінгі күні 5-тен артық жүйе болған: ЖБО, КААЖ, Статистика, WEB-декларант, Брокерлік жүйе, Тәуекелдерді басқару жүйесі); үйден шықпай-ақ алдын ала ақпарат және транзиттік декларация беру; кедендік рәсімдердің жылдамдауы; тауарларды қағазсыз декларациялау мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі жататынын атап өту қажет.
Қысқа уақыт ішінде жүйе оң нәтижелерін көрсетіп үлгерді.
Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, транзитпен байланысты кедендік операцияларды өткізу уақыты қысқарған, жүйе шекарада кедендік рәсімдер мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін операциялардың ашықтығын көрсетті.
Осылайша, жаңа жүйенің енгізілуі тауарлардың шекарадан өтуіне оң әсер етіп, бұл өз кезегінде еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.