• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірледі 11.09.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған тұжырымдама кадр мәселесін ескере отырып, 7 негізгі жаңғырту бағытын жүзеге асыруды көздейді. Мамандарды іріктеу ісін жетілдіру мақсатында Министрлік Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби стандартын жасап шығаруды жоспарлауда", - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, кәсіби стандарттар негізінде мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын білім беру ұйымдарының жұмысы қайта қаралатын болады.

Бұдан бөлек, цифрлық жүйеге көшу мақсатында алтыншы бағыт бойынша әлеуметтік-еңбек саласының 6 тармақтан тұратын бірыңғай ақпараттық жүйесін жасап шығу жоспарланып отыр. Жүйеде қызмет алушының қажеттілігі мен қызмет көлемі, қызметті жеткізуші, олардың жұмысына берілген баға, әлеуметтік қызметкерлердің еңбек өтілі мен біліктілігі және әлеуметтік мекеменің атқарған жұмыс нәтижесі мен шығыны туралы бар ақпарат енгізіледі.

"Әлеуметтік қызмет көрсетудың бірыңғай ақпараттық жүйесі орталық және жергілікті мекемелердің ақпараттық жүйелерімен біріктірілетін болады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы ағымдағы жылғы 22 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланады", - деп қосты ол.

Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорытындылау және саладағы басты назар аударатын жайттар мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін баяндау болып табылады. Форумға, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия және өзге елдердің сарапшыларын қоса алғанда, 600-ге жуық қатысушы жиналады. Шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті, орталық және жергілікті атқарушы органдар, білім беру орындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Форумда әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы түрме, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстарды дамыту тәжірибесі мен перспективаларын, ведомствоаралық және сектораралық салалардың өзара іс-қимылының жаңа тетіктері мен мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.


Back to the list