• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Солтсүтік Қазақстанда  4,2 км су құбыры жөнделді 04.09.2017

Техникалық бақылау барысы мен құрылыс нысандарының сапасы туралы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Валерий Затай баяндады.

«Өткен мерзiм iшiнде басқарма құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 308 өтiнiштi қабылдады. Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс заңнамасының шарттарын ұстану бойынша 188 тексерiс өткiзiлдi», — дедi басқарма басшысы.

Құрылыс саласында аңнаманы бұзғаны үшiн 23 субъектi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 36 әкiмшiлiк материал сотқа жiберiлдi.

«Облыс аумағында 407 сарапшы мен акредиттеуден өткен ұйымдар жұмыс iстейдi. Басқармамен 2017 жылдың 8 айында анықталған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жою үшiн 82 нұсқама берiлдi. Қазiргi кезде бұзушылықтар жойылды немесе шешiлiп жатыр», — дедi Валерий Затай.

«Сәулет мекемесi — дұрыс жасау тәсiлдерiн ұсынуы керек. Олар тек құжаттардың сәйкес келуiн, сыртқы рәсiмделiн ғана тексередi. Қазiр қайда қарасаң да арзан материалдармен қапталған нысандарды көресiң. Бұның бәрiн сәулет тексеруi керек. Бiз бұл жұмысты атқаруға көмектесетiн топты құруымыз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Әкiмдiк отырысының соңында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров орақ науқаны бойынша жедел ақпаратты хабарлады.

2017 жылдың 4 қыркүйегiне дейiнгi мәлiмет бойынша, дәндi, дәндiбұршақты дақылдардың 1 млн. 695,9 мың гектары дестеге түсiрiлген, топыраққа салынған, элита 7,2%. Дәндi мен дәндiбұршақты дақылдардың 1 млн. 242,9 мың гектар немесе 42,2%-ы бастырылды. Майлы дақылдарды 337,9 мың гектар орылды немесе 47,3%.


Back to the list