• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд  теңгеден астам жарна түсті 22.08.2017

Ал, тамыз айының басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 1,59 млрд теңгеден астам қаржы түскен.

Түскен түсімдердің 69,1% жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 30,9% - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.

Бұған дейін хабарланғандай, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна төлеуге кірісті.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың  1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерді жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру  бойынша тиісті төлемді енгізуді міндеттейтін  норма өз күшіне енді. 


Back to the list