• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтау министрлігінде  барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесі әзірленді 17.08.2017

«Қазақстан халқына Жолдауындағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың соңына дейін барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесін енгізуі қажет. Қазіргі уақытта барлық дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру әдісі жасақталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі мен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне  Министрлікке барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу құзыретін беру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізіледі», - деді Е.Біртанов.

Заң жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды, Жол картасы бекітілді және Тұжырымдама әзірленіп, НҚА сайтта ашық талқылауға ұсынылды, сондай-ақ, тіркелген НҚА «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісуге жіберілді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін дәрілік заттардың бағалары реттеледі.

2017 жылдың І жарты жылдығында Ұлт жоспарының 82-қадамын жүзеге асыру аясында құрылған Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия  диагностиканың және емдеудің 61 клиникалық хаттамасы мен 14 медициналық технологияны мақұлдады.

Хирургиялық, жақ-бет сүйегі хирургиясы, неонатальды хирургиялық көмек көрсету стандарттары әзірленді. Жыл соңына дейін 180 клиникалық хаттама (оның ішінде 98 жаңа, 82 бұрынғы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 8 стандарты)  әзірлеу және жетілдіру жоспарланған.  

«Қазіргі уақытта ОКК өзін-өзі реттейтін ұйымға беру жұмыстары жүргізілуде, ол мемлекетпен бәтуалықта кәсіби қауымдастықпен өздері шешім қабылдауларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іріктеу және алдағы уақытта мемлекеттік органның кейбір қызметтерін беру үшін кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметінің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін бағалау мақсатында, оларды акредитациядан өткізеді», - деді ол.


Back to the list