• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаты алматылықтармен МӘМС енгізу туралы мәселені талқылады 10.08.2017

Жиналыс барысында Серік Сейдуманов мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығы жөнінде айтып өтті. 

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және Алатау ауданын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жөнінде сұрақтар қойды. Сонымен қатар, дәрігерлер медицина саласы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің өз еңбек жолын бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету жүйесінен бастауын ұсынды. 

«100 нақты қадам» ұлт жоспары біздің елімізді және оның барлық саласын реформалау мақсатында нақты әрекет етуге ықпал ететін жоспар деп айта аламын. Мұнда медицинаның алар орны ерекше. Ұлт жоспары бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қабылданған заңдар шеңберінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Алатау ауданындағы №14 емханада кездесу ұйымдастыруыма да нақты себеп осы болып отыр. Басты мақсат осы жүйенің іс барысында қалай жұмыс істейтінін көру", – деді Серік Сейдуманов. 

№14 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Үздембаеваның айтуынша, емхана қызметкерлері сақтандыру жүйесімен толықтай таныс және келген емделушілердің бәрін ақпараттандыруда. 

Мәжіліс депутаты Алматы қаласындағы іссапары барысында, сондай-ақ, қалалық әуежайда, «Казферросталь» кәсіпорнында, мемлекеттік органдар өкілдері және Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өткізді.


Back to the list