• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Еліміздің әуежайларында 150 борышкер 7 млн теңге айыппұлын төледі (ФОТО, ВИДЕО) 04.08.2017

«Жоғарғы сот пен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі жаңғыртылды. Қарызды өтеуге Қазпоштаның барлық бөлімдері мен терминалдарда мүмкіндік жасалды, терминалдар бес халықаралық әуежайда орнатылды (Астана, Алматы, Қарағанды Шымкент пен Ақтау)», - деді Ж. Ешмағамбетов.

Оның мәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың шілде айында аталмыш әуежайларда бұл мүмкіндікті 150 борышкер пайдаланып, шамамен 7 млн теңге төледі.

«Бұл мүмкіндік борышкерлерге өз қарызын сот орындаушылармен кездеспей өтеуге жағдай жасады. Жүйе автоматты түрде істі өндірістен алып тастайды және 30-40 минут ішінде елден шекара асып кетуге мүмкіндік береді», - деп сендірді министрдің орынбасары.  

Сонымен қатар, ол хабарлағандай, халықаралық ынтымақтастық аясында Республикалық палата Халықаралық сот орындаушылар одағының толыққанды мүшесі болды, атап өтер болсақ оның құрамына 106 мемлекеттік өкілдері енген.

«Одаққа ену инвестициялық тартымдылықты арттыруға және халықаралық беделімізді көтеруге жағдай жасайды, және де халықаралық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайды. Осылайша, Ұлт жоспарының 27 қадамы таңдаған жолымыздың дұрыстығын дәлелдей түскендей», - деп түйді спикер.

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list