• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Салық кодексінде мөлшерлемені төмендету ұсынылуда 02.08.2017

«Салықтық бюджеттік сала бойынша үш қадам қарастырылған: салықтық, кедендік саясат пен процедураларды оңтайландыру және қолданыстағы салықтық жүйені жеңілдету. Оңтайлы салық және кеден саясаты экономикалық өсім және инвестиция тарту үшін өте маңызды.  Салықты кәсіпорындар, кәсіпкерлер, азаматтар төлейді. Қазақстанда салықтық төлемдер мемлекеттің барлық табысының шамамен 64% құрайды, кедендік төлемдер 10%-дан сәл асады. Яғни, бұл жалпылама алғанда мемлекеттік бюджет түсімінің 3/4 бөлігі», - деді Р.Даленов.

Оның айтуынша, елімізде шамамен 336 мың компания корпоративті табыс салығын төлейді.

«Жеке табыс салығы 2,5 млн жұмысшы азаматтан алынады. ҚҚС-ны  72 мыңнан астам заңды және жеке тұлға төлейді. Жер салығы мен мүлік салығы сәйкесінше 3,4 млн және 3,6 млн субъектісін қамтиты, олардың басым бөлігі жеке тұлғалар. Көлік салығын жыл сайын 2 млн 258 мың адам және 72 мың компания төлейді. Бұдан басқа көптеген төлем түрлерін халық пен кәсіпкерлер бюджетке төлейді. Ал, шекараны жылына 330 мың автокөлік, 3 мыңдай теміржол құрамы кесіп өтеді. Осы ретте, оңтайландырылған, заман талабына сай кеден мен салық саясатын жасақтауға  Ұлт жоспарында үлкен көңіл бөлінген», - деді бірінші вице-министр.

37 қадам «Салықтық, кедендік саясат пен процедураларды оңтайландыру» бойынша, Р.Даленов хабарлағандай, жаңа Салық және Кеден кодекстерінің жобалары жасақталған.

«Бүгінгі таңда, кімде-кім өз ісін ашқысы келсе, салықты қалай төлейтінін шатастырмауы керек. Бұл жеңіл және оңай істелуі қажет. Сондықтан біз идеологияны өзгертуді, ынталандыруды енгізуді және әкімшілендіруді оңайлатуды жоспарлап отырмыз. Идеология адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталады. Барлық түсініксіз жерлері мен ауытқулар салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Мұндай қағидат салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады», - деді Дәленов.

Сонымен қатар, ол несиелендіруді ынталандыру үшін банктердің проблемалық активтерін сатудан түскен шартты (жеңіл) кірістерге табыс салығын салмау қарастырылатынын тілге тиек етті.

«Сонымен, жеңілдіктерді жаңғыртуға қатысты нақты өзгерістер арқылы олардың тиімділігін арттыру ұсынылып отыр. Бұл АЭА-лардағы кірістерді бөлек есептеуге, мүлік салықтарына, әлеуметтік салық пен эксаумақтылық режімдеріне қатысты. Аукциондардан алынатын алымдар мен кеме жүзетін су жолдарын пайдалану төлемдері жойылады. Сондай-ақ әкімшілендіру елеулі түрде жеңілдетілетін болады. Әкімшілендіру қателіктерден құрылмауы тиіс. Салық төлеуге көмектесу қажет. Тексерістердің бір бөлігін аусорсингке беру қажет, бизнес бизнесті тексергені дұрыс. Қалған салықтық тексерулер үш бағытты болады. Адал бөлікті тексермеу керек. Орта бөлікті тек ішінара тексеру қажет және салық төлеуге жәрдемдесу қажет. Ал «қызыл» аймақтағылар тексеруге алынуы тиіс. Кімнің қайда қарайтындығының нақты ережелерін белгілеу қажет, сосын бизнесмен «жасыл» аймақта болуға ұмтылатын болады»,-деп түсіндірді вице-министр.

Оның хабарлауынша,  жаңа кодексте салық консультанттары, қашықтықтан аудит жүргізу институты енгізіледі, салықтық несиелер енгізу көзделеді. Жалпы, кодекстің өзекті тұсы кедендік реттеуге деген жаңа көзқарас болып табылады.

«Сонымен, біріншіден, қағазға қарағанда электрониканың басым екендігі анықталып отыр. Енді сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) растаушы құжаттарды қоса бермей-ақ, декларацияны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан бере алады. Екіншіден, кедендік декларацияны тіркеуге және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде жүргізу мүмкіндігі енгізіледі. Үшіншіден, «бір терезе» тетігін пайдалану үшін негіз қалыптастырылды, яғни егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары өздері пайдаланатын ақпараттық жүйелер арқылы алған болса, кедендік операцияларды жүргізу үшін қажетті құжаттарды кеден органына ұсынбауға болады. Бұдан басқа, СЭҚ-тың барлық қатысушылары кедендік баждар мен салықтар бойынша бір айға дейін, ал тауарлардың кейбір санаттары бойынша алты айға дейін ұзарта алады», - деп түсіндірді Р.Даленов.

Спикердің айтуынша, декларация тапсырылғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі кеңейтілді.  

«Осы неғұрлым жеңілдетілген тетікті инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауар әкелінетін инвесторлар пайдалана алады. Сондай-ақ аталған норма бос қоймаларға, ЕЭА-ларға, кедендік қайта өңдеу рәсімдеуіне де қолданылатын болады. СЭҚ қатысушылары аванстық төлемдер енгізу арқылы кедендік төлемдерді төлеудің жаңа тәсілін пайдалана алады. Декларация толтырушы төлемдердің барлық тиесілі сомасын баждарға, алымдарға мен салықтарға бөлмей-ақ, төлей алады, ал кедендік органдар жүйесі оларды төлем түрлеріне қарай өздері бөледі. Бұл берешектің туындауы немесе қате төлем жасау қаупін азайтады», - деп түйіндеді спикер.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list