01.08.2017
«Салымдарды өздерінің орнына мемлекет төлейтін тұлғаларды есепке алу «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған жүйесі негізінде 14 санат бойынша жүргізіледі. Оған ЕХӘҚМ 5 ақпарат жүйесінің мәліметтері мен ҚР ІІМ, БҒМ және ДСМ базаларының мәліметтері ықпалдастырылады», - деді Е.Біртанов.
Бұдан өзге, МӘМС ақпараттық жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы бірлескен жұмыс жүргізуде.
«Нәтижесінде, барлық ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тіркелімі» жүйесіне жүктеледі және азаматтардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтау үшін барлық медициналық ұйымдарға қолжетімді болады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларынан «түсіп қалуы» мүмкін азаматтар үшін өтініш түрінде ХҚКО арқылы өзінің нақты санатқа жататынын растау мүмкіндігін жасау ұсынылуда», - деді министр.
Елжан Біртанов сондай-ақ МӘМС енгізудің осы кезеңінде Денсаулық сақтау министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктерінің түрлі мақсатты топтармен кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасып жатқанын баяндады.
Елжан Біртанов міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жұмысы жалғасын табатындығын айтты.
«Осы орайда Бақытжан Әбдірұлы, құзыретті органдарға «Мемлекет жүзеге асыратын салымдар санатына қатыстылықты өзектілендіру» мемлекеттік қызметінің стандартымен регламентін әзірлеуді тапсыруды ұсынды», - деді Е.Біртанов.
Өз кезегінде, Елжан Біртановтың аталмыш ұсысыныс Бақытжан Сағынтаев қолдады.
Айта кетейік, осыған дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ҚР азаматы басқа қалада сырқаттанып қалса медициналық көмекті қалай алатындығын ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтып өтті.
Ақбота Күзекбай