01.08.2017
«Еліміздеге 18 млн халықтың барлығы тіркелген, шүкір. Алайда олардың барлығы емханаға бара бермейді және қызметін пайдаланбайды. Олардың дендері сау. Алайда қаржы бөлінуде және сіз кез-келген уақытта медициналдық көмекке тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жүгіне аласыз. Егер, сіз саяхаттап жүріп оқыс оқиғаға тап болсаңыз Қазақстанның кез-келген аймағында медициналық көмекке иек арта аласыз. Бұл жүйе бұрыннан жұмыс істеп келеді», - деді министр.
Өз кезегінде, іс-сапары ұзаққа созылған уақытта азаматқа уақытша тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген абзал.
«Ал, егер сіз ұзақ іс-сапарға шығып, дәрігердің кеңесін қажет етсеңіз және ол шұғыл болмаса сізге уақытша тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауына жазылуыңызға кеңес береміз. Сонымен қатар, біз электронды денсаулық төлқұжатын жасақтаудамыз, ол дәрігерге сіздің ЖСН номеріңіз бойынша анықтап, сіздің ауру тарихыңызбен толық танысуға мүмкіндік береді», - деп түйді Елжан Біртанов.
ҚР ДСМ басшысының айтуынша, елімізде азаматтар электронды денсаулық төлқұжатымен 2020 жылға дейін қамтылады.
Бұған дейін, Елжан Біртанов Үкімет отырсында МӘМС-тің бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.
Ақбота Күзекбай