• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік қызметкерлердің үштен бір бөлігі біліктілікті арттыру курстарынан өтті (ФОТО) 20.07.2017

Төраға орынбасары хабарлағандай, Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бекітілген.

«Ол үшін біз оқу процесін Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырдық. Оның бағдарламасы маманның қабілетін артыруға бағытталған.  Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметкерлердің үштен біл бөлігі өз біліктіліктерін арттырды», - деп хабарлады А. Шаимова.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясына мамандарды іріктеу жүргізілуде.

«Осы ретте, біз академияға мамандарды іріктеуді жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді. Оларды оқытуда артықшылықтар бар. Мәселен, оқыту барысында оның еңбек өтілі жүреді және оның жұмыс орны сақталады. Білім алушы шәкіртақы алады және шетелдік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

Фото Арман Мұхатов


Back to the list