20.07.2017
«Мобильді қосымша биылғы жылдың күзінде енгізілді, бүгінгі таңда осы қосымша 50 мың рет жүктелген. Ол мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мінез-құлық негіздерін зерттеуге бағытталған. Онда сұрақтар түрінде берілген ойын арқылы әдеп кодексінің нормаларын зерттеуге болады», - деді А.Шаимова.
Оның айтуынша, қосымша мемлекеттік қызметшілерге басқа тараптан әдепсіздік көрсетілген жағдайда да көмектеседі.
«Егер сізге дөрекілік немесе қандай да бір қысым көрсетілсе, әрбір азамат смартфон арқылы қосымшаны пайдалана отырып тікелей агенттікке жүгіне алады», - деп қосты ол.
Бұдан бөлек, қосымшада агенттік төрағасының блогына тікелей өтініш беруге болатын функция бар.
«Бүгінде халық мобильді қосымшаларды белсенді пайдалануда және олардың көмегімен бізге ұсыныстар түсіп жатады. Бүгінгі таңда біз қосымшаны танымал ету бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп түйіндеді төраға орынбасары.
Еске сала кетейік, Айгүл Шаимова келесі жылы қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетін хабарлаған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото Арман Мұхатов