17.07.2017
Шараға Астана мен аймақтардан келген мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
«Білімің мен кәсіби біліктігігіңді арттырмай мемлекеттік аппаратты толығымен жаңғырту мүмкін емес. Қазіргі уақытта өзгерістер жедел жүріп жатады», - деп атап өтті өз алғы сөзінде Академия ректоры Фатима Жақыпова.
Ағымдағы жылы академия магистратураның 6 бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізуде: мемлекеттік менеджмент; аймақтық даму; халықаралық қатынастар; мемлекеттік саясат; экономика. Сонымен қатар докторантураның 4 бағдарламасы бар: мемлекеттік басқару; экономика; халықаралық қатынастар; мемлекеттік менеджмент.
Басты өлшемдердің бірі — ағылшын тілін білу, талапкерлер APTIS, IELTS немесе TOEFL тесттерін тапсыру керек.
Айта кетерлік жайт, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар саны қысқартылған.