11.07.2017
Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» іс-шаралар жоспарында еліміздегі энергетика саласын жандандыру қарастырылғаны белгілі.
51 қадам талабына сәйкес іске облысымыздың электр желілеріне толық түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған иесіз электр нысандарының техникалық құжаттары әзірленді.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, он алты мекеме балансында тұрған энергетикалық активтер нақтыланып (ұзындығы 4120,5 шақырым электр желісі мен барлық кернеудегі 1794 трансформаторлық қосалқы станса), облыстағы негізгі энергия таратушы «ҚЭТТК» АҚ-ның теңгеріміне беру жөнінде министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аталған энергия таратушы кәсіпорындарды біріктіру өз кезегінде тұтынушыларды сапалы, сенімді әрі арзан электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.