03.07.2017
Оның айтуынша, мемлекеттік атқарушы органдарға индустрияландыру мен экономикалық өсіммен байланысты үшінші бағыт бойынша қадамдар бекітілген.
СҚО әкімдігі хабарлағандай, баяндаманы тыңдаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов стратегиялық құжатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
«Реформалар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әр қадамның артында қыруар шаруа бар, яғни сәйкесінше заңдар қабылданды, жаңа қарым-қатынас орнатылды, бүтін бір бағдарлама қабылданды және қаржы да бөлінуде. Бұл реформалардан кейін адамдар өмір сүру жағдайы жақсарғанын сезінуі тиіс. Біздің қызметіміз өз нәтижесін беруі тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.