01.07.2017
Ал, жаңа жылдан бастап төлем сомасы 1,5 пайызға, 2020 жылдан бастап – екіге, 2022-жылдан бастап – үш пайызға дейін арттырылады. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ай сайынғы төлем 1414 теңгені немесе жылына 16 968 мың теңгені құрайтын болды.
МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызмет 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіле бастайды.
Айта кетерлік жайт, аз қамтамасыз етілгендер үшін сақтандыру сомасын мемлекет өзі төлейді. Оларға 14 санатқа жататын азаматтар кіреді, яғни зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері мен т.б.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзінің дәрежесін халық Egov порталында ЖСН көмегімен біле алады.
Естеріңізге сала кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Ұлт жоспарының 80-қадамына сәйкес енгізілуде.
МӘМС-ке қатысу ережесімен мына сілме бойынша таныса аласыз.