26.06.2017
Бұл шешімді мемлекет белгілі бір себептермен қабылдады, біріншіден, заң айналымына жеке тұлғалардың мүлкін енгізу мүмкіндігі пайда болды, екіншіден, Қазақстан экономикасы заңдастырылған мүлікті ақшалай кіріс ретінде жұмыс істете бастады.
Айта кетейік, 2014 жылдың 30 маусымында Елбасы «ҚР азаматтарының ақшаларын заңдастыруға орай рақымшылық беру туралы» заңға қол қойды, ол 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз күшіне енді.
Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, мүлікті заңдастыру негізінде мемлекеттің мүлікке деген құқығы мойындалады.
Оның басты мақсаты, экономикаға заңдастырылған капитал ретінде қаржы тарту. Акция мүліктерді заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылған заң ҚР аймағынан тыс жерде де мүлікті заңдастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан аймағындағы мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына декларация мен сәйкес құжаттарды енгізу керек. Бұл шетелдегі мүлікті заңдастыруға да қатысты, осы орайда мүліктің 10 пайыздық жинағын өтеу керек.
Айта кетейік, үш жыл бұрын «Заңдастыру 2014» барлық азаматтарға заңды түрде ақша мен мүлікті заңдастыруға мүмкіндік берді.
Заңдастыруға сот түрінде рұқсат етілмеген немесе заң түрінде жүзеге асырылмайтын мүліктер жіберілмейді. Несие ретінде алған ақша мен мемлекетке тапсырылу мақсатында алған мүліктер мен жылжымайтын мүлік кірмейді.