13.06.2017
Ол үшін өзінің ЖСН көрсету жеткілікті.
Қызмет көрсетудің нәтижесі – «Жалдамалы жұмысшы», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» әлеуметтік мәртебелерінің біреуі көрсетілген хабарлама болып табылады, егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса - «Анықталмаған статус» деген хабарлама шығады.
Сонымен қатар әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өткізетін тұлға туралы ақпарат шығады. Осылай, мәртебесі «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар» ретінде анықталған тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды Мемлекет өткізетін болады.
«Жалдамалы жұмысшы» мәртебесі бар тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Жұмыс беруші өткізетін болады.
Әлеуметтік мәртебесі «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» ретінде анықталған тұлғалар, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өздігінен өткізетін болады және бұл ретте ай сайынғы төлемдер мөлшері ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайды.
МӘМС қатысу шарттарын мына сілтеме бойынша тексеруге болады.