30.05.2017
«МӘМС түсіндіру жұмыстары үш кезең бойынша жүргізілуде, олардың аясында 83 739 адамды қамтыған 901 кездесу өткізілді. Бұдан басқа, 2 038 дәрігер мен 6 431 орта буын қызметкері оқытылды. Сонымен қатар, сall-орталық жұмыс істеуде және оның қызметіне күні бүгінге дейін 1 542 өтініш жасалды. Бүгінде 38 арнайы кабинет ашылып, онда 3 452 адамға кеңес берілді», - деп көрсетілген әкімдіктің хабарламасында.
Сонымен атар, «Емханаға тіркел — МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы өткізілді. Бүгінде 982 383 азамат емханаға тіркелді.
Естеріңізге сала кететйік, Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. МӘМС жүйесінде өз мәртебеңді анықтай отырып сіздің сақтандыруыңыз үшін кім төлейтінін анықтауға болады: мемлекет, жұмыс беруші немесе өзіңіз.