22.05.2017
«Мақтаарал ауданында заңбұзушылықтар азайып келеді. Әсіресе қоғамдық орындар мен көлік қозғалысындағы тәртіпсіздіктер едәуір кеміген. Бұған аудан көлеміндегі қала мен кенттерге қойылған бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы сеп болып отыр», - делінген хабарламада.
Жалпы биыл облыстық бюджет есебінен Мақтаарал ауданында 35 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың 31-і бейнекамера болса, 4-еуі автокөліктердің нөмір белгілерін тіркеуге қабілетті.
Бейнекамералардың 19 данасы Жетісай қаласында, 4 данасы Атакент кентінде, 2 данасы Асықатада, 2 данасы Мырзакентте, 1 данасы Алпамыс батыр ескерткіші маңында, 1 данасы Азаттық елді мекенінде, 1 дана бейнекамера мен 2 дана тіркеу камерасы «Тәуелсіздік» көпірі маңында, Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекенінде 1 дана бейнекамера және 2 дана АНБК орналасқан.
Сонымен қатар, аудандық Ішкі істер басқармасы ғимаратына жедел басқару орталығына (ЦОУ) құрал-жабдықтар орнатылып, жабдықталған.
Айта кетейік, бейнебақылау жүйелерін дамыту жобасы облыс әкімінің бастамасымен іске асып отыр.