• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 600-ге жуық адамға үйде арнайы және басқа да әлеуметтік қызметтер көрсетілді 16.05.2017

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды Астанада 19 «Инватакси» тасымалдайды. Жалпы саны 457 адам осы қызмет түрін пайдаланады, оның 147-і бала, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жеке санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы» бағдарламасы аясында қаланың мүгедек адамдарына тегін қызмет көрсету бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мәселен, қалалық жолаушылар көлігінде әлеуметтік төлемдер қарастырылған (таксиден бөлек). Жыл басынан бері 17 200 адам осы қызмет түрін пайдаланады. Бұдан бөлек, пешпен жылынатын жер үйлерде тұратындарға қатты отын сатып алуға қаражат беріледі. 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 жылда бір рет тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту және бейімдеу шараларын күшейту қарастырылған кешенді жоспар бар. Нәтижесінде бүгінгі таңда Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы 240 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсеткен. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

2012 жылдың ақпан айынан бастап мүгедектердің халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 нысандарына еш кедергісіз, қиындықсыз баруына жағдай жасалуда. 2017 жылы 705 нысанды талапқа сәйкестігін растайтын төлқұжат беру жоспарланған.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша қолданыстағы заң нормаларының сақталуын бақылау бағытында жұмыс жүргізіуде. 2016 жылы 12 тексеріс өткізілсе, оның 8 жоспардан тыс. Нәтижесінде 1,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынған, 7 нысан мүгедек жандарға ыңғайлы етіліп қайта жабдықталған, 1 нысанда жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы 7 тексеріс жүргізіліп, жіберілген кемшіліктерді түзету бойынша ұйғарым жасалған.

Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жүргізушілерді және кондукторларды оқыту көзделген. Бүгінде 900 адам оқыған.

Қазір Астанада 84 нысанда жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жарықмодульдары орнатылған. 135 бағдаршамда уақытты кері санайтын таблолар қойылған. 70 «Мүгедек» жол белгісі орнатылған. Аудан әкімдіктері саябақтар мен гүлзарларда, аула аумақтарында, жол үсті және асты жолдарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуын зерттеп жатыр.


Back to the list