10.05.2017
«Қазақстан үшін бұл жаңа бағыт. Егер әлеуметтік кәсіпкерлік Ресейде 10 жыл бойы, Қырғызстанда - 7 жыл бойы жұмыс істеп келе жатса, Қазақстанда ол дамудың алғашқы кезеңінде. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 150-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер бар, бей ресми мәліметтер бойынша 500-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер бар. Бүгінде мұнымен айналысатындар өте көп, алайда олар осындай түсініктің бар екенін біле бермейді. Астанада 10-ға жуық әлеуметтік кәсіпкер бар. Ал, егер әлеуметтік кәсіпкерліктің қызметі туралы айтар болсақ онда ол қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған», - деді Э. Аскеров.
Ол атап өткендей, әлеуметтік кәсіпкерлікті көбіне қайырымдылықпен шатастырады. Әрине онда кейбір элементтер бар, алайда ол қайырымдылықта және ақша табатын бизнесте емес.
«Біз әлеуметтік кәсіпкерлер пайда табуды мақсат етпейміз. Бізге бастысы коммерциялық жолмен нақты әлеуметтік мәселені шешу», - деп атап өтті Э. Аскеров.
Сонымен қатар ол, өзі айналысатын әлеуметтік жобалар туралы кеңінен айтып берді.
«Біздің әлеуметтік жобаларда әлеуметтік аз қамтамтылған жандардың жұмысқа орналасу мәселесі шешіледі. Яғни, мүгедектерді, көпбалалыларды, жағдайы төмен жандарды, балалар үйінің түлектерін, жалпы осы санатқа жататындардың барлығын жұмыспен қамтыймыз. Олардың кез келгені бізге келіп тегін шеберлік сыныптарынан өте алады және үздік шәкірттер бізде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде бізде 19 адам бар, оның 16 әлеуметтік осал топтарға жатады, және біз бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеудеміз. Бірінші бағыт – ұста шеберханасы, онда ағаштан жиһаздар жасалады. Екінші бағыт – тігін цехы, үшіншісі - IT-қызметтерді ұсыну, сайт жасақтау және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар бізде үйеңкі сабақтарынан тоқу курстары бар. Бүгінде аталмыш бағыт бойынша біз шеберлік сыныптарын іске қосып отырмыз. Біз бұл жұмысқа балаларды тартуға тырысудамыз, бұл қолмен жұмыс және ол жанасу түйсіктерін дамытатын болады. Бүгінде біз өзімізді өзіміз ақтайтын болдық, ағаш шеберханасының ұсталары 100 мың теңге шамасында табыс табады. Бұл үлкен жетістік, бұған дейін олар жұмыспен қамту орталығынан жалақы алып келген. Олар бізге қолдау көрсетті, енді міне табыс көре бастадық», - деп ағынан жарылды Э. Аскеров.
Спикердің айтуынша, үйеңкі сабақтарынан тоқу цехында шеберлік сыныптары өтуде, оған кез келген адам қатыса алады.
«Біз үйеңкі сабақтарынан тоқумен бір жыл бойы айналысып келдік. Өкінішке орай бұқара тарапынан қызығушылық болмады, сондықтан өндірісті 95%-ға дейін қысқартып, шеберлік сыныптарын қалдырдық. Осылайша бірінші кезекте кел келген адамға үйрете аламыз және менің шеберлерімнің қолдары да суып қалмайды. Жалпы біздің клиенттеріміздің басым бөлігі қолөнер туныдысы мен табиғи шикізатты бағалайтындар», - деді Э. Аскеров.
Сонымен қатар ол эксклюзивті заттар жасалатын ағаш шеберханасы туралы да кеңінен айтып берді.
«Ағаш шеберханасында ағаштан өнім жасалады. Бүгінде біз ешқандай шектеу қоймаймыз және осылай эксклюзивтілік әсерін қалыптастырудамыз. Қазақстан картасы үлгісінде сағаттар тақырыбын ойластырдық, жалпы сағаттар тақырыбы біз үшін өте қызықты болды. Бұдан басқа біз әйелдерге арналған ұлттық ою өрнектермен әсемделген шағын қобдишаларды жасаймыз. Оның үстіне ұлттық қазақша үстел-трансформердің үлгісін ойластырдық және түрлі жиһаздарды да жасаймыз», - деді Э. Аскеров.
Ол атап өткендей, Қазақстан оның жобаларына үлкен түсіністікпен қарайды және бизнесіне барынша қолдау көрсетуде.
«Жасыратыны жоқ, болашаққа жасаған жоспарымыз үлкен. Біз әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін құрғымыз келеді. Қазақстанда мұндай мектеп жоқ. Оның үстіне мен ниеті бар кез келген жанды осы әдістемеге үйретсем деймін. Бастапқыда мен үшін өте қиын болды, алғашқы қадамдарым оңайға түспеді. Алайда бүгінде менің тәжірибем бар және мен онымен бөліскім келеді», - деп түйді Э.Аскеров.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов