26.04.2017
«Бұған қылмыстық жазаны өтеп келгендер мен қылмыстық жазаны өтеп жатқан тұлғаларды әлеуметсіздендіру бойынша өкілетті органдардың қызметінің бытыраңқылығы, рецидивті қылмыстардың артуы негіз болды. Пробация қызметінде мәселені шешу үшін дағдарыс орталығы құрылды, онда жұмыспен қамту орталығының, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері ақпараттық-консультативтік қызметтер ұсынады. Нәтижесінде, жұмысқа орналасу, медициналық және білім беру қызметтеріне қол жеткізу, құжаттарды рәсімдеу бойынша 52 адамға көмек көрсетілді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Колониядан шыққаннан кейін тұратын жері болмаған бірнеше адам бейімдеу орталығына орналастырылды.
Жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Пробация қызметінде есепте тұрғандарға және түрмеден шыққандарға көмектесетін дағдарыс орталығы Қарағанды қаласының №2 ХҚКО-да орналасқан. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.