24.04.2017
«Емханаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жаппай тіркелу денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Сала мамандары осы соңғы екі аптада аула аулаларды аралап 500 мыңнан астам тұрғынды қамтыған кездесулер өткізіп, әрбір тұрғынға өзі таңдаған және тұрғылықты мекеніне мүмкіндігінше жақын орналасқан емханаға барып тіркелуі керектігін айтып жекткізді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түсіндіру жұмыстары бұдан әрі де жалғасын таппақ. Өйткені, осы жылдың 1 шілдесінен әрбір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті.
Айта кетейік, елімізде 5 сәуірден бастап, «Емханаға тіркел де МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы жүріп жатыр.