07.04.2017
Аталмыш 9 жоба Еуроодақтың үш тақырыптық бағдарламалары аясында қаржыландырылады – Қазақстандағы сот реформасына қолдау көрсету, демократия мен адам құқығы саласындағы еуропалық институт, БҰҰ ДБ мен жергілікті мемлекеттік басқару. Жобалардың жалпы құны 3 млн 757 мың еуроны құрады.
Жаңа жобалар өмір сүру сапасын артыруға, демократия мен адам құқығын дамытуға, ұлттық және жергілікті деңгейде азаматтық қоғамның саяси диалогқа араласуына оң әсер ететін болады. Сондай-ақ заң үстемділігін де арттырады. Бұл өз кезегінде «100 нақты қадам» талаптарына жауап береді.
«Қазақстан үлкен жетістікке қол жеткізді, ол табысы орташа мемлекеттер қатарына енді. Сондықтанда Қазақстанға кедейлікті азайту үшін екі жақты көмек көрсетілмейді. Осыған қарамастан біз Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі үшін бірқатар екіжақты жобаларды жүзеге асырудамыз (қаржыландыру көлемі 7,1 млн еуро) және сот реформасына 12 млн еуро көлемінде қаржыландыру арқылы барынша қолдау көрсетіп келеміз», – деді Т. Христеа.
Қазақстанның сот жүйесін реформалау аясында азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру күтілуде. Қаржыландыру 2018 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның аз қамтылғандар санатына жататын халыққа заңды көмек көрсету жүйесін реформалау жобасы бар, мақсат кәмілет жасқа толмағандардың құқығын қорғау, азаматтарды «ақылды қаланы» дамытуға тарту, елді мекендердегі өмір сүру деңгейін арттыру және т.б.
Т. Христеа атап өткендей, 1991–2014 жылдары ЕО тікелей қолдау көрсету үшін Қазақстанда 350-ден астам жобаны жалпы сомасы 180 млн еуроға қаржыландырды.
Ақбота Күзекбай