• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҮЕҰ   мемлекеттік қаржыландырудан қандай жаңашылдықтар күтеді? 03.04.2017

ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландыру  саласындағы соңғы жаңашылдықтар туралы «Ұлттық және халықаралық бастамаларды дамыту институты» ҚҚ директоры Светлана Ушакова баяндады.

Светлана Ушакова, Қазақстандағы гранттық қаржыландыру институның қалыптасуы туралы баяндап берсеңіз?

– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес  ұйымдары  бюджеттік қаржыға жүзеге асыратын   әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бағдарламалардың пішіні.

Қазақстанда алғашқы әлеуметтік тапсырыс  2003 жылы пайда болды, бұл үлкен серпіліс туғызды, себебі оған дейін  қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсетуге тыйым салынған болатын. 2005 жылы  «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңы қабылданды.  Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың одан әрі жетілдіруін қамтамасыз етті.

ҮЕҰ  10 жыл ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың  барлық проблемаларын шығарып,  мәселенің шешімін ұсынды –  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіріп қана қоймай, мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі-гранттарды енгізу керек.

2016 жылдан бастап мемлекеттік  қолдаудың жаңа түрі – гранттар мен сыйлықтар енгізілді. Аталмыш бағытта   ҮЕҰ жұмыс істей бастады.

– Коммерциялық емес сектордың көптеген өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен грант арасындағы айырмашылықты түсінбей жатады. Олардың айырмашылығы қандай?

–Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты  мемлекеттік органдар  республикалық және жергілікті деңгейде қалыптастырады. Қаржыландыру  ҮЕҰ мемлекеттік органдарымен әлеуметтік  маңызды жобаларға мемлекеттік сатып алу  тәртібі  бойынша беріледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаржы есептілігіне  ие  қызметтің коммерциялық  түрі болып саналады. Гранттар – қаржыны қайтарымсыз беру, олар қоғамдық  ұйымдардың әлеуметтік проблемасын шешуге бағытталған. Осылайша, әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялығы дамиды. Мемлекеттік гранттарды бөлу үшін Қазақстанда коммерциялық емес  қоғамдық ұйым ретінде оператор құрылды, ол -Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

– Аталмыш оператор қандай мақсатпен құрылды? Мемлекеттік гранттарды бөлуді әрекеттегі коммерциялық емес ұйымға неге бермеске?

– Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік гранттарды  реттеуге жеке  құрылым қажет. Аталмыш құрылымның қызметі барынша ашық болуы керек, елдегі грант байқау арқылы ҮЕҰ арасында тең дәреже бойынша үйлестірілуі керек. Мемлекеттік гранттың басымдылығы қоғамның қажеттілігін көрсетуі керек.

- Оператордың қандай болуы ҮЕҰ-ға байланысты.  Егер бізге оператордың үрдістері ұнамаса, тәртіптер мен ережелерді өзгертіп, гранттарды реттеу  мен сарапшылық комиссияның жұмысын қадағалау керек.  Сондай-ақ, мемлекеттік гранттар есебінен жүзеге асырылған  жобалар қорытындысы бойынша бақылау жүргізу керек. Мемлекеттік грантты үйлестіретін тиімді  жүйе керек болса, тынбай еңбек ету керек.  Мен ҰЕҰ-қоғамдастық өкілі ретінде жүйені  жетілдірудің әлеуеті зор екенін айта аламын. Бұл үрдіске белсенді қатысуға ниеттімін.

– Оператор өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін көп қаржы жұмсауы керек. Бұл қаржыны мемлекеттік тапсырыс арқылы әлеуметтік мәселеге бағыттаған тиімдірек болар ма еді?

Әкімшілік шығындар барлық әлеуметтік жобаларда кездеседі. Басты мәселе әкімшілік шығындардан құтылу емес, олардың ҮЕҰ жобаларына бөлінетін қаржымен өзара байланысы болып табылады. Бұл орайда оператор қызметінің  жұртшылық алдындағы ашықтығы маңызды.

Аталмыш ашықтықтың негізгі құралы  операторлардың  жыл сайынғы есебінің бұқаралық түрде өтуі.

Екінші – мемлекеттік гранттарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен алмастыруға болмайды, себебі олардың айырмашылығы көп. Екі құралды да жетілдіріп, дамыту керек.  ҰЕҰ мемлекеттік   қаржыландыру қызметін жетілдіру мәселелері баршылық. Біз барлығын жылдам жақсартуға ұмтыламыз, алайда, кезең-кезеңімен өзгертулерді енгізген жөн.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

 


Back to the list