• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда Еурокод негізінде  6 нысан жобаланды 07.02.2017

Сауалға  берілген жауапта жазылғандай, құрылыс саласының құқықтық базасын реформалау жөніндегі тұжырымдама алдыңғы қатарлы елдердің стандарттарымен үйлестіру  жолдары арқылы нормативтік базаны дамытуды қарастырады. Еурокодтар құрылыс нормаларының егжей-тегжейлі кешені болып табылады, онымен Қазақстандағы барлық ұлттық құрылыс нормаларын айырбастауға болады деген пікір – осындай жаңсақ түсініктердің бірі.

«Бірінші кезеңде  құрылыс саласының  жаңа нормативтік актісі  дайындалды. Ол  453 нормативтік-техникалық құжаттан тұрады,  оның ішінде еуропалық стандартқа көшу, 58  тәртіпті біріктіру қарастырылған», - деп хабарлады комитетте.

Хабарлағандай, ұлттық қосымшаларда табиғаттық-климаттық сейсмикалық параметрлер  мен жергілікті құрылыс материалдарының параметрлері ұсынды.

Айта кетейік, Еурокод Еуроодақта өз мәртебесі жөнінен №305/2011 Еуропалық Реттемеде баяндалған құрылымдардағы құрылыс конструкцияларының беріктігіне, орнықтылығына және өртке төзімділікке қойылатын негізгі талаптармен үйлестірілген үлгілік (типтік) өңірлік еуропалық стандарттар болып табылады.Еурокод үлгілік құжат ретінде құрылыс қызметінде тікелей қолдануға жарамсыз және Еуроодақтың әрбір елінде ұлттық бейімдеу процесінен өтуге тиіс. Осы процес нәтижесінде Еурокодтар «ұлттық өлшемдермен» бірге ұлттық қосымшалармен толықтырылады, ұлттық стандарт мәртебесіне ие болады және бейімдеген ел аумағында айналымға енгізіледі.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list