07.02.2017
«Жаңа қағидалармен жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асырудың үш негізгі сатысы регламенттеліп, оңтайландырылған. Бірінші саты – бастапқы-рұқсат беру құжаттарын беру, екінші саты – нобайлық жобаны келісу және үшінші саты – нысандарды пайдалануға беру», - делінген хабарламада.
Бірінші саты – бұл 30 күнге дейінгі мерзіммен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру. Жобалау мен құрылысқа арналған бастапқы-рұқсат беру құжаттарын беру мерзімі екі есе – жобаның күрделілігіне байланысты 40 күннен 17 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
«Өткен жылғы наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы сәулет және қала құрылысы органдары жобалауға арналған бастапқы-рұқсат беру құжаттарының келесі жиынтығын: СЖТ, техникалық талаптар, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары, тік жоспарлау белгілері, көшелер мен жолдардың көлденең пішіндері, түбегейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме береді», - деп түсіндірілді комитетте.
Екінші саты 20 күнге дейінгі мерзіммен нобайлық жобаны келісу болып табылады. Нобайлық жобаны келісу мерзімі жобаның күрделілігіне байланысты 60 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
«Бұрын нобайлық жоба сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілген, осы ретте келісу мерзімі мен тәртібі белгіленбеген. Қазір ұсынылатын құжаттардың мерзімі мен тізбесі құрылыс қағидаларымен регламенттелген», - деп хабарланды ведомствода.
Осылайша, үшінші саты – бұл 10 күнге дейінгі мерзіммен құрылысқа рұқсат беру. Қағаз түрінде құрылысқа рұқсат беру рәсімі электрондық түрде құрылыстың басталғаны туралы хабарлама берумен ауыстырылды.
«Құрылысқа арналған барлық бастапқы-рұқсат беру құжаттары болған кезде тапсырыс беруші МСҚБ органдарына «Электрондық үкімет» порталы арқылы құрылыстың басталғаны туралы хабарлама жібереді. Бұдан бөлек, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған нысандарды пайдалануға қабылдауы алынып тасталды. Салынған нысанды қабылдау мен пайдалануға беруді енді бекітілген жобаға сәйкес тапсырыс беруші, мердігер, авторлық және техникалық қадағалау орындары жүзеге асырады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтарда «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталған болатын. Мемлекеттің, экономиканың және қоғамның дамуы үшін жаңа құқықтық орта жасайтын 59 заң күшіне енді. Елімізге күрделі сынақ кезеңінен өтуге, стратегия-2050 іске асыру жолынан жаңылыспай, мемлекеттілігімізді нығайтуға мүмкіндік беретін мықтылық қорын беретін құрылыс секторы да мемлекеттің өсіп-өркендеуінде маңызды орын алады.
Қайрат Жандыбаев