• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлт жоспары: Маңғыстау облысында екі кеден бекеті «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді 31.01.2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тұғырнамасында экономикалық өсудің жаңа моделіне айналатын және еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруды қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлағандай, Маңғыстау облысы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 38-қадамын іске асыру аясында белгілі бір жұмыстар жүргізілген, осылайша, бүгінгі таңда МКД қызметі аймағында «Бір терезе» қағидаты бойынша екі кеден бекеті: «Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы» және «Теңіз порты» өз қызметін жүзеге асыруда.

«Ақтау - КРО» кеден бекетінде тауарларды кедендік тазарту бойынша мемлекеттік қызметін көрсету бекітілген мемлекеттік стандартқа, сондай-ақ ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, «Ақтау - КРО» кеден бекетінде кедендік транзитті, кедендік тазарту мен тауарларды шығаруды аяқтаумен байланысты кедендік операциялар жасау рәсімі едәуір оңайлатылды.

Кедендік ресімдеу орталығында сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары (СЭҚҚ) үшін қызметтердің тиісті сертификаттарын алу бойынша анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында фитосанитариялық бақылау, ветеринариялық бақылау, санитариялық-карантиндік бақылау, көліктік бақылау сияқты қызметтердің мамандары орналастырылған.

Департаментте атап өтілгендей, осыған ұқсас жұмыстар «Теңіз порты» кеден бекетінде де жүргізіліп жатыр.

Мысалы, 2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде «Теңіз порты» кеден бекетінде «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік бақылаудан өтудің жаңа схемасы аясында транзиттік декларациялар ресімделген жүк автокөлік құралдарының 2 мыңға жуық бірлігі бар 60-тан астам паром өңделген.


Back to the list